• USD 424.68

  • EUR 499.76

  • RUB 5.77

  • CNY 65.6

25 Шілде, 22:14:45
Алматы
+26°

Ухань вирусология институты брифинг өткізіп, коронавирусты жасап шығарған деген ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Ухань ұлттық биологиялық қауіпсіздік зертханасының директоры Юань Чжимин олар коронавирусты ешқашан синтездемеген және жасап шығармағанын айтты.

– Ухань вирусология институты 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін бұрын-соңды Ковид-19-ды зерттемеді. Осы уақытқа дейін институттың бірде-бір қызметкері немесе студенті Ковид-19-ды жұқтырған жоқ, – деді Юань Чжимин брифингте.

Зертхана директоры вирустың қолдан жасалғанына байланысты ешқандай дәлел жоқ екенін де айта кетті.

– Ғалымдар арасында "Ковид-19  жасанды жолмен шығарылды" деген ақпарат бар. Бірақ ол да әлі күнге дейін дәлелденбеді, – деп сөзін аяқтады ол.

Ковид-19 2019 жылғы желтоқсан айының соңында Ухань қаласында тіркелген. Осыдан кейін БАҚ-та "коронавирус Ухань вирусология институтының зертханасынан шығуы  мүмкін"  деген түрлі қауесет тарады. Ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары Уханьдағы зертханаға барып тексеріс жасап, ақпаратты растайтын ешқандай дерек таба алмаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ухань Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір