• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:43:06
Алматы
+35°

"Пандемия аймақ басшылары үшін өзіндік емтихан болды. Бұл емтиханды әкімдердің кем дегенде жартысы "үшке" тапсырды" деген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін саясаткер Санжар Боқаев аймақ басшыларының жұмысына өзіндік сараптама жасап, нәтижесін жариялады.

Саясаткер үкіметтің функционалдық міндеті "5" балдық жүйеге сүйеніп бағаланғанын, бағалау объективті болуы үшін ең жақсы сарапшылар, экономистер, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар мен  қаржыгерлердің кеңесіне жүгінгенін айтады.

– Бағалауды дәлелсіз іс-әрекетпен емес, үкімет туралы заңнан және primeminister.kz сайтынан алынған үкіметтің 30 нақты функционалдық тапсырмасынан қарадық, – дейді саясаткер.

Үкіметтің күнделігіне "5" балдық шкала бойынша ұпайларды саясаткер Досым Сатбаев, әлеуметтанушы Гүлмира Илеуова, экономист Қасымхан Қаппаров, қаржыгер Расул Рысмамбетов және Андрей Чеботарев қойған.

Бағалау қорытындысына сай, ауыл шаруашылығы, индустрияландыру, құқықтық саясат, қоғаммен байланыс жұмыстары "1" деген баға алса, үкіметтің жалпы жинаған бағасы 2-ге тең.

– Мен де сіздер сияқты министрлер кабинетінің басшысы Асқар Маминге сарапшылар қандай баға беретінін білгім келді. Өйткені оның басты міндеті – үкіметтің жұмысын тиімді ұйымдастыру. Сарапшылар Мамин мырзаның жұмысына "2" деген баға қойды, – деді ол.

Саясаткер мұндай қабілетсіз басшыларды отставкаға кетіруді талап етуге болатынын да атап өтті.

– Менің ойымша үнемі "2" алатындар елді және экономиканы басқармауы керек. Олардың жұмысынан түк шықпайтыны белгілі. Бұл сараптаманы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаймын, – деп сөзін түйіндеді саясаткер.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Санжар Бокаев (@sanzhar_bokayev)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Санжар Боқаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір