• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:29:05
Алматы
+35°

Алматыда тараздық жігіт өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, өтіп бара жатқан адамдарды тонаған. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Сайт мәліметінше, Жамбыл облысының Ш. есімді 20 жастағы тұрғыны мұндай оңай пайда табудың әдісін бір-екі рет ғана жасамаған.

Ш. есімді ер адам бұрын тонау ісі бойынша сотталған. Бұл жолы қылмысының әдісін өзгертіп, өзін полиция қызметкері ретінде көрсетіп, өтіп бара жатқан адамдарды тонауға көшкен. Қылмыс жасаушы ұсталып полиция формасы тәркіленді. Ш. есімді азамат полиция формасын еркін нарықтан сатып алған.

– Ш.есімді ер адамның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 191-бабы (тонау) 3-бөлімі (тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған тонау – мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру) бойынша жазаланады. Күдіктінің Алматы аумағында және Алматы облысының шекаралас аудандарында жасалған басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта осы адам жасаған бес қылмыстық эпизод анықталды, – деді Медеу АПБ-ның бастығы Дәурен Өтебаев. 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір