• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 11:40:23
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Серік Темірханұлы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында қызмет етіп, жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі атанды. Жүрекке ота жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде еңбегі жоғары бағаланды. Көптеген адамның өмірін аман алып қалды.

Отанымызға адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырған Серік Темірханұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды, делінген жеделхатта.

20 шілдеде Қазақстанның белгілі кардиохирургі Серік Бекбосынов 41 жасында дүниеден өткен болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір