• USD 424.68

  • EUR 499.76

  • RUB 5.77

  • CNY 65.6

25 Шілде, 22:51:16
Алматы
+26°

Білім және ғылым министрлігі Шет тілдер және іскерлік карьера университеті лицензиясынан айырылғанын хабарлады. 

– Бұрын жоғары оқу орнында профилактикалық бақылау жүргізілді. Нәтижесінде тексеру парағының 39-шы және 46-шы тармағы бойынша бұзушылықтар анықталды. Университетке сәйкессіздіктерді жою үшін уақыт берілді, алайда қайта тексеру жұмыстары, қажетті жұмысты жүргізбегенін көрсетті.

Университетте білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі қалыптаспаған. Білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын талдау белгілі бір пәндер бойынша кредиттерді игеруде үлкен айырмашылықтарды көрсетті. Тиісінше, білім алушылар пәндерді толық көлемде меңгермейді. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90%-ы шекті деңгейден өте алмады. Оқу процесінде тіпті ең төменгі белгіленген талаптарға сай келмейтін ескірген компьютерлер қолданылады, – деді білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекова.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты, аталған оқу ордасы лицензиясын тоқтатты.  Бұдан әрі бас лицензиядан айыру және жоғары оқу орнын жабу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Заңнамаға сәйкес лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда студенттер университеттің анықталған бұзушылықтарды жоюын күтпей-ақ, басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.
 
Шет тілдер және іскерлік карьера университетін Франциядағы Сарбон университетін бітірген түркиялық доктор, профессор, Сабри Хизметли басқарады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір