• USD 424.68

  • EUR 499.76

  • RUB 5.77

  • CNY 65.6

25 Шілде, 21:40:58
Алматы
+28°

Фото: әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Қазақстанның белгілі кардиохирургі Серік Бекбосынов 41 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Серік Бекбосынов №2 кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі және жүрек-қантамыр хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі болды. Ол жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау бойынша операция жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде Қазақстан кардиологтары қауымдастығымен марапатталған.

Әріптестері мен пациенттер оны мейірімділігі мен кәсібилігі үшін жақсы көрді және құрметтеді" делінген хабарламада. 

Серік Бекбосынов "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төс белгісімен марапатталған, Тұңғыш президент қорының лауреаты, ұлттық награда – "Ерен еңбегі үшін" медалін алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір