• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:33:08
Алматы
+35°

Германияның Рейнланд-Пфальц, Солтүстік-Рейн-Вестфалия және Бавария штаттарында нөсер жауып, су тасқыны кезінде 164 адам қаза тапты. Бұл туралы Анадолы ақпарат агенттігі хабарлады.

Кобленц полициясының мәлімдеуінше, Рейнланд-Пфальц штатында су тасқыны кезінде қаза тапқандар саны 117-ге, жарақат алғандар саны 749-ға жеткен. Солтүстік Рейн-Вестфалия штатының ішкі істер қызметі штатта су тасқынынан қаза тапқандар саны 47-ге дейін өскенін мәлімдеді.

"Бавария штатында су тасқынынан қайтыс болған адам саны 164-ке жетті. Қазіргі таңда су тасқынынан зардап шеккен аудандарда іздестіру-құтқару жұмыстары және қоқыстарды тазарту жұмыстары жалғасуда" делінген хабарламада.

17 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германия канцлері Ангела Маркельге табиғи апаттан қаза болғандарға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Германия су тасқын

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір