• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:03:22
Алматы
+35°

Вакцина салдырудан бас тартатын қазақстандықтарды ешкім мәжбүрлемейді. Бұлай деп президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте барысында айтты.

– Вакцина салдырғысы келмейтін адамдармен жұмыс жасағанда басқаша тәсілді (дифференцированный) қолданып көру керек. Халық арасында вакцинациядан бас тартудың себептері әр түрлі. Әлі күнге дейін кейбір адамдар екі ойлы болып жүр. Біз оларды барлық жолмен тіпті әлеуметтік желілер арқылы да сендіруіміз керек. Кейбір дамыған батыс елдерінде оларды сендіру үшін мәжбүрлеу, күштеу шараларына көшуде. Біз бұған бармаймыз, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ ол вакцинамен барлық аймақтың қамтылуын және арнайы топтар құрылу қажеттігін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір