• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:25:55
+35°

Синоптиктер 20-22 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы уақытта 40 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде.

Болжамға сәйкес, фронтальдық бөлімдердің ықпалымен республика бойынша өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл болуы мүмкін.

21 шілдеден бастап елдің солтүстік, солтүстік-батыс бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, онда жауын-шашынсыз жылы ауа райы болады деп күтілуде.

"Батыста ауа температурасы түнде +20+25 градус, күндіз +33+41 градус, республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде +10+18 градус, күндіз термометрдің бағандары +23+35 градус, солтүстік-батыста түнде +12+25, күндіз +25+40 градус, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +10+21, күндіз +25+35 градус, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +13+25°С, +30+40 градус", - делінген хабарламада.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір