• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:28:29
Алматы
+35°

Биылғы "Славян базары" байқауының бас жүлдесін қазақстандық Рухия Байдүкенова жеңіп алды. Бұл туралы беларусьтік ақпарат агенттігі БелТа хабарлады.

"Бас жүлде үшін тартыс қызу өтті. Вокалистер бас дирижер Виталий Кулбаковтың басшылығымен Беларусьтің президент оркестрінің сүйемелдеуімен славян хиттерін орындады. Қызу додада бас жүлде қазақстандық Рухияға бұйырды. Гран-приді үздік орындаушыға қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыс етті" делінген хабарламада.

Бірінші орынды сербиялық Ирина Арсениевич алды. Екінші орын – Даниил Мышковец пен украиналық Рената Штифелге берілді. Ал үшінші орынды словакиялық Иванна мен әзербайжандық Тофик Гаджиев алды.

Рухия Байдүкен 1998 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ Ұлттық өнер университетінде "Эстрада және вокал" мамандығында оқиды. Оның диапазоны – бес октава.

Рухияның "Славян базары" байқауынан басқа республикалық деңгейде көптеген жеңістер бар.

1992 жылы бастау алған "Славян базары" байқауына қатысқан қазақстандық өнерпаздардың қатарында Алтынай Жорабаева, Талғат Жорабаев, Әлішер Кәрімов, Динара Сұлтан, Мархаба Сәби және 2015 жылы жеңімпаз атанған Димаш Құдайберген бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір