• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:21:48
Алматы
+35°

Қазақстанда өткен тәулікте 5317 адамның ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен. 26 адамнан пневмония анықталған. 18 шілдеде  41 адам коронавирустан, 7 адам пневмониядан көз жұмған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологиялық ахуал туралы күнделікті ақпараттық хабарламасында айтылды.

Ел бойынша коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен жағдайлар саны  494 222-ге жетті. Оның ішінде 4997 адам қайтыс болған. Коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандардың ресми саны – 58631. Оның 3541-і көз жұмған.

Вирустың таралуы әсіресе Нұр-Сұлтан (1367), Алматы (798), Шымкент (470) қалаларында, Қарағанды (689), Атырау (293), Батыс Қазақстан облыстарында (204) өршіп тұр.

19 шілдедегі мәлімет бойынша, 58 887 адам коронавирус инфекциясынан (–57 269 + және 1618 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 19 005 пациент стационарда, 39 882 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 1047 адамның жағдайы ауыр, 230 пациенттің жағдайы өте ауыр, 144 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 14 өңір коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұрғанын хабарлады.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта.

"Сары" аймақта Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Жасыл аймақта бірде-бір өңір қалмады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір