• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:05:46
Алматы
+35°

2021 жылдың Құрбан айт мерекесі 20 шілдеге (сейсенбі) сәйкес келеді. 3 күнге созылатын бұл діни мейрамның бірінші күні (20 шілде) елде мемлекеттік демалыс ретінде жарияланды.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантин шаралары тағы да күшейтіледі. Шектеулер 17 шілде күні сағат 00.00-ден басталады. Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында Құрбан айт мерекесін тойлауға қатысты қосымша шектеулер енгізілген болатын.

Алматы қаласының бас санитары Жандарбек Бекшин де «Құрбан айт мерекесіне байланысты іс-шараларды шектеу туралы» жарлыққа қол қойды. Сонымен, 20-22 шілде аралығында қалада, медреселерде адамдардың жиналуына (айт намазын қоса) іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Құрбандыққа арналған малды базарлар мен автокөліктерде және жеке үй шаруашылықтарында сатуға тыйым салынады. Карантиндік шектеулер елдегі аурулар мен өлім-жітім санының көбеюіне байланысты Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды және Атырау облыстарында күшейтіледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Құрбан айт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір