– Бұл төсектерде сіз немесе сіздің туыстарыңыз жатуы мүмкін. Мұндай жағдайға жеткізбеңіз! Мән беріп көрсеңіз науқастар саны аз емес. Індет жасарып барады.  Еліміздегі барлық медициналық қауымдастықтың атынан қазіргі жағдайдан хабардар болғандарыңызды қалаймыз. Ауыр жағдайдағы науқастар қатары көп, күн сайын қайтыс болып жатқандар бар. Балалар арасында да ауырып жатқандар көбейді. Өз денсаулығыңызға асқан жауапкершілікпен қарағандарыңызды қалаймыз, – дейді дәрігерлер.

Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, реанимация бөлімдеріндегі төсектер науқастарға толы.

Қазақстанда өткен тәулікте 4375 адамның коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен. Бұл – пандемия басталғалы елде тіркелмеген жоғары көрсеткіш. Коронавирустың өршуін мамандар вирустың мутацияға ұшыраған "Дельта" штамымен байланыстырады. Вирус әсіресе Нұр-Сұлтан (1128 - соңғы тәулікте вирус анықталғандар саны), Алматы (640), Шымкент (342) қалаларында, Қарағанды (589), Атырау (320), Батыс Қазақстан облыстарында (187) қатты таралып жатыр.