• USD 424.68

  • EUR 499.76

  • RUB 5.77

  • CNY 65.6

25 Шілде, 21:23:34
Алматы
+28°

Алматы облысында 6 шілдеде болған жол апатынан қаза тапқан әйелдің күйеуі кінәлі тарап өкілдері өздерінен кешірім сұрамағанын,  кінәлілер тиісті жазасын алуы үшін ақырына дейін баратынын айтты. Бұл туралы "Евразия" арнасы хабарлады.

– Қызым анасының қайтыс болғанын түсінбейді. Мен оған мұның бәрін қалай түсіндіретінімді білмеймін. Тіпті олар (жол апатына кінәлі тарап өкілдері – ред) жерлеу рәсіміне келіп, кешірім де сұрамады. Біздің алдымыздан өтсе, кешірер едік. Бізге олардың ақшасы керек емес. Қайғылы оқиғаның өткеніне бір апта өтті. Мен енді оларды кешіргім келмейді, істің ақырына дейін барамын, – дейді қаза тапқан әйелдің күйеуі Мақсат Серікбаев.

Бұған дейін Алматы облысында 6 шілде сағат 00:10 шамасында жол апаты болғаны хабарланған. "Toyota Land Cruiser" автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп "Тoyota Avensis" автокөлігімен соқтығысқан. "Тoyota Avensis" көлігінің жүргізушісі мен оның 26 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.

Toyota Avensis көлігін тізгіндеген Ернар Тәжіков 23 жаста еді. Ол інісі мен қарындасына көмектесу үшін Семейден Алматыға келе жатқан. Олардың ата-анасы да жол апатынан қайтыс болған. 

Ад кеше Қарасай аудандық соты 18 жастағы жүргізуші қамауға алынғанын хабарлады. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы жол апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір