• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:28:19
Алматы
+35°

Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес Лондон қажет жағдайда Ауғанстанда билікке Талибан келсе, бірге жұмыс істеуге дайын екенін айтты, деп хабарлады Aif.ru ақпараттық агенттігі.

– Үкіметте қандай күштер болса да, егер олар нақты халықаралық нормаларды ұстанатын болса, Ұлыбритания үкіметі әрекетке көшеді, – деді ол.

Сонымен бірге, министр мұндай шешім екі түрлі көзқарас тудыруы мүмкін екенін, бірақ прагматикалық тәсіл тұрақты бейбітшіліктің негізі бола алатынын атап өтті. Егер Талибан халықаралық деңгейде мойындалғысы келсе, онда олар радикалдық әдістерден бас тартуға мәжбүр болады.

Шілде айының басынан Талибан Ауғанстандағы ауылдық жерлердегі үлкен аймақтарды бақылауға алып, ірі қалаларға қарсы шабуылды бастаған. Бұл жағдай америкалық әскер Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін болды.

Кабул сыртқы серіктестерді, оның ішінде Қытайды, Үндістанды және Ресей Федерациясын террористермен күресте көмек көрсетуге шақырды. Ресей Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапы одақтастарға қарсы кез келген дұшпандық әрекеттерді тоқтату үшін көмектесуге уәде берген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір