• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:26:31
Алматы
+35°

Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы бизнесмендердің бірі, саясаткер, біраз жыл оппозицияда болған Болат Әбілов кәсіпкер, Forbes-тың Қазақстан мен Грузиядағы шығарушысы  Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында еңбек жолындағы алғашқы қадамдары туралы айтты.

Болат Әбілов Қарағандыда үлкен жанұяда туған. Үйде 10 адам болғанын, өздерімен бірге әкесінің бауырлары тұрып, жалпы жиынтығы 26 адам әр бөлмеде 5-7 адамнан ұйықтағандарын айтады.

– Қарағанды политехникалық институтын тәмәмдаған соң шахтаға жұмыс істеуге бардым. Бізді өзіңді көрсету үшін көп жұмыс істе деп тәрбиеледі. Мен өндірістен бастауға бел будым. 7 жылдай 500 метр тереңдікте жер астында болдым. Түрлі ауысымда жұмыс істедік. Таңертең, күндіз, түнде, демалыстарда, мерекелерде де жұмыс істедік. Бұл жылдар оңай болмады. Кейде шахтада жұмыс істеп жүргенім түсіме кіреді. Сол кезде "Не үшін?", "Неге?" Тезірек жұмыстан кету керек..." деген ойлар келеді, – дейді ол.

Кәсіпкер шахтада жалақысы жақсы болғанын, айына 500 сомнан артық тапқанымен, ол кезде жаппай тапшылық жайлап жатқандықтан жарататын жер болмағанын еске алады. Ол "Кеңес үкіметі өз халқын жек көргені соншалық, ең қажетті заттармен қамтамасыз етпеді ғой. Ол жүйе өмір сүруге қабілетсіз еді" дейді өткен ғасырдың 70-80 жылдардағы дефицит туралы.

Сондай-ақ ол жұмыстың қиындығына қарамастан, шахтадағы кездер туралы тек жақсы ой қалғанын, 7 жылда мол тәжірибе жинап, төзе білуді үйренгенін атап өткен. Айтуынша, кандидаттық диссертация жазып, болмаса партия жолымен бір кабинетте жұмыс істеуіне, өзін шақырған мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде (КГБ) қызмет етуіне мүмкіндігі бола тұра ауыр қызметті таңдаған. Әрі бұл үшін "еш өкінбеймін" дейді.

Оқи отырыңыз:

♦ "Көк тиынсыз қалдым". "Бутя" Алматыдағы өмірі қалай басталғанын айтты

♦ "Президентке келуім керек екенін айтты". "Бутя" бастықтармен арақатынасы жайлы баяндады

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір