• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 10:21:24
Алматы
+12°

"Shopan atа" ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев қуаңшылықтан болып жатқан мал қырғыны мәселесін шешудің 3 жолын ұсынды.

Маман мәселенің шешімі проблеманы мойындаудан басталуы керек деп санайды.

– Қазіргі болып жатқан жағдай жұт па? Жұт! Міне, осыны үкімет, билік мойындауы керек. мойындағанда ғана шешімге барады. Мойындамай жатып "не шешеміз?" дейді. Мен астанадағы үлкен екі жиналыста болдым. Екеуінде де маған "докажи" дейді. Міне, әңгіме неде? Ал оларға аудандардан теріс ақпарат келіп жатыр, – деді маман Yesti podcast youtube жобасында.

Мал шаруашылығы маманы мәселенің екінші шешімі ретінде жұт жайлаған Маңғыстау, Арал өңірлеріндегі шаруашылықтарды солтүстік, орталық Қазақстанға көшіруді ұсынады.  Сөзінше, қуаңшылық қысқан аймақтарға шөп тасу тиімсіз. "Шөп тасу дегеніміз – ауа тасу" деген ол "ауа тасуды" тоқтату керектігін айтты.

Алмасбек Садырбаев сондай-ақ халық қолындағы малын тіркеуден өткізу қажет екенін, шұрайлы аймақтарға көше алмаған, малы тіркелген шаруаға жем-шөппен көмек берілуі қажеттігін, арпа-бидайды шетелге асыруды тоқтата тұру керегін жеткізді. Маман шаруаға көмек бергенде де тегін емес, "қуаңшылықтан кейін қайтарасың" деп беру керек деген пікірде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір