• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:34:40
Алматы
+35°
Кеше Ресейдің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов Талибан қозғалысы делегациясымен келіссөз өткізді, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігінің сайты.

Кездесуде Ресей тарапы Ауғанстанның солтүстігіндегі шиеленісті жағдайға алаңдаушылық білдіріп, жағдайдың ел аумағынан шығып кетуіне жол бермеуге шақырған.

Тәліптер тарапы Орталық Азия елдері шекарасын бұзбайтынына, Ауғанстан аумағындағы шетелдік дипломатиялық және консулдық миссиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететініне сендірген.

Сайт мәліметінше Тәліптер қозғалысы Ауғанстандағы барлық этникалық топтардың мүддесін ескер отырып, келіссөздер арқылы тұрақты бейбіт өмірге қол жеткізуге ынталы екенін, елдегі адам құқығын, соның ішінде ислам нормалары мен ауған дәстүрі шеңберінде әйел құқығын сақтауға дайындығын жеткізген.

Бұған дейін  батыс барлау қызметінің басшылары АҚШ әскерін Ауғанстаннан шығаруына байланысты аймақтағы Әл-Каида мен ДАИШ сияқты ұйымдардың күшеюіне алаңдайтыны хабарланған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Талибан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір