16 Маусым, 2021 NEWS
Маңғыстауда құрғақшылықтың салдарынан фермерлер малға азық ретінде картон беруге мәжбүр/фото: ztb парақшасынан
Еділ Жаңбыршин бастаған бір топ нұротандық депутаттар өзендердің тартылуы, жауын-шашынның нормадан аз түсуі Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының халқына қиын туып жатқанын айтып, үкіметті шұғыл шара қабылдауға шақырды.
– Әсіресе, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында ата-бабамыздан қалған асыл мұраның бірі – төрт түлік малды ұстап отырған шаруашылықтар мен тұрғындар аса ауыр жағдайда. Елде орын алған су тапшылығы мен қуаңшылық жайлымдық жерлердің жағдайын кетірді. Осы жағдай тиісінше малдың шығынына әкелді. 2020 жылы Маңғыстауда 4883 мал басының өлімі тіркелсе, биыл бірінші тоқсан қортындысы бойынша 1332 бас мал өлген. Бұл мәлімет тек сырғаланған, тіркелген мал шығыны бойынша ғана, ал, облыстағы малдың 56% құрайтын қалың бұқараның қанша малы қырылғаны белгісіз. Мұндай жағдай Қызылорда облысында да тіркеліп, 481 бас мал өлген. Осындай жағдай мал азығының бағасын еселеп көтеріп жіберді. Маңғыстауда бір түк шөптің бағасы 17 мың теңге болса, бір кг арпаның бағасы 95 теңгеге жетті. Ал көршілес Ақтөбе облысында сол бір түк шөп 4 мың теңге тұрады. Бағаны көтеріп отырған жол шығындары және осыдан пайда көріп қалайын деп отырған делдалдар, – деген депутат осындай күрделі жағдайда халық бірінші кезекте парламентке, үкіметке арқа сүйейтінін атап өткен.
Депутат қалыптасқан жағдайға байланысты төмендегідей шаралар кешенін қолға алуды ұсынды.
- Қалыптасқан жағдайларға байланысты жұт жайлаған нақты аудандар мен аймақтарда шұғыл түрде жергілікті дәрежедегі төтенше жағдай жарияланып, оларға тиісті бюджеттік көздерден және материалдық қорлардан нақты көмектер көрсетілуі тиіс;
- Зардап шегіп жатқан аудандарға мал азығын жеткізу үшін көрші облыстардан тасымалданатын мал азығының жол шығындарын субсидиялап, тиісті әкімшілік-басқару шараларын іске асыру қажет;
- Қуаңшылықтан қиындық көріп отырған өңірлерге басқа облыстардан тез арада мал жаюға және мал азығын дайындауға жер телімдері уақытша пайдалануға берілсін.
- Мұндай жағдай алдағы уақытта орын алу ықтималдығын ескеріп, атқарушы билік өз тарапынан мал шаруашылығымен айналысатын тұлғаларға жедел көмек көрсету, сақтандыру, аймақ аралық қатынастарды жүйелеудің нақты, кешенді механизмдері мен алгоритмдерін жасақтауы тиіс.
Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жолданған депутаттық сауалға Е. Жаңбыршиннен бөлек, А. Сарым, С. Мусабаев, Ғ. Амреев, С. Нақпаев, Қ. Аббасов, Д. Тұрғанов секілді депутаттардың есі
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір