Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Адам құқықтары саласында одан әрі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
– Адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі. Бүгін тиісті жарлыққа қол қойылды. Үкіметке оны орындау үшін шұғыл шаралар жоспарын қабылдауға тапсырма берілді, – деп жазды президент Тоқаев twitter парақшасында.
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Адам құқықтары саласында одан әрі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын бекітсін, онда мынадай жұмыс бағыттарын көздесін:
• БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
• адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
• мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;
• әйелдерге қатысты кемсітуді жою;
• бірлесу бостандығына құқық;
• пікір білдіру бостандығына құқық;
• адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;
• үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;
• адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары" делінген жарлықта.
Осы жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Пікір қалдыру
пікір