• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:07:33
Алматы
+35°

Илон Маск өзінің SpaceX зымыран компаниясы енді криптовалюта – Dogecoin-ды төлем ретінде қабылдайтынын айтты.

Оның сөзінше, ғарышты зерттейтін коммерциялық фирма "Айға DOGE-1 миссиясын" келесі жылы бастайды.

Бір қызығы, технолог-миллиардер 8 мамыр күні "Saturday Night Show" бағдарламасына қатысқан кезде Dogecoin құлдырады. Дегенмен, шоуға қатысатынын жариялаған 28 сәуірден бастап, шоу болған күнге дейін криптовалютаның бағасы айтарлықтай жоғарлаған.

Өткен айда ол өзінің твиттерінде SpaceX-тің Айға Dogecoin-ды апаратыны және сол криптовалютаны ғарышты игеруде қолданатыны туралы жазған.

Айта кетейік, Tesla және SpaceX компанияларының бас атқарушы директоры Илон Маск осы жылдың басында Марс валютасы криптовалюта болатынын айтып, оған Dogecoin-ды таңдағанын жариялаған

Содан бері Dogecoin қымбаттап, тіпті бүгінге дейін 140 есеге жуық өсті. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Dogecoin Илон Маск

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір