• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:46:59
Алматы
+35°

Dogecoin криптовалютасына ақша салып, қысқа уақытта 2 млн доллар табыс тапқан қарапайым тұрғын өз тәжірибесі туралы айтты.

Есімін жасыруды жөн көрген Лос-Анджелес қаласының 33 жастағы тұрғыны өзінің өмір бойы жинаған 188 000 доллар ақшасын осы жылдың ақпан айында Dogecoin-ға салған.

Содан бері бұл криптовалюта жылдам қымбаттады және валютаның танымалдығы арта түсті. Оған қоса, Илон Маск сияқты ықпалды адамдардың қолдауы Dogecoin-ның тез қымбаттауына себеп болды.

Degecoin бағасы 24 сағат ішінде 200%-дан астам көтерілді, ал жеті күнде 435%-ға қымбаттады. Қазіргі уақытта бұл  рекордтық көрсеткіш. 

Нәтижесінде Лос-Анджелес тұрғыны өзінің алғашқы инвестициясы 2 миллион долларға дейін өскенін қуана жариялады.

Тұрғын жариялаған видеода "Әрине, құбылмалылық өте жоғары, ал мен қаржы кеңесшісі емеспін, бұл қаржылық кеңес емес, тек қызығушылық. Мен қазір өзімді керемет сезінемін.

Мен өте кедей болып өстім, ақша жетіспеді, сондықтан өмір бойы күнкөріс үшін тынбай жұмыс істедім.

Қазіргі уақытта да 9-дан 5-ке дейін жұмыс істеймін және мен негізінен жалақыға өмір сүремін. Менде сондай-ақ 2004 жылғы ескі және соғылған Toyota Corolla бар, ол 200 мильден астам жүреді, жақында іске жарамай қала ма деп алаңдаймын" дейді. 

Ол бұл жаңалығын Reddit хабарламасында бөлісті. Ол веб-сайтта 70 000-ға жуық оң пікірге ие болды.

Өзінің айтуынша, ол алғаш рет бірнеше жыл бұрын қор нарығына инвестициялай бастаған. Жалақысының бір бөлігін "төмен бағаланған" деп ойлаған акцияларға салып жүрген.

"Алғашқы жеке тәжірибем Уолл-Стриттің бұрмаланғанын және жүйенің дұрыс еместігін көрсетіп, инвестицияның басқа түрлерін зерттеуге мәжбүр болдым. Мен Dogecoin-ды байқап қалдым және бір аптадай крипто-валютаның барлық оң және теріс жақтары бойынша қарқынды зерттеулер жүргізгеннен кейін, бұл өте төмен бағаланған деп ойладым. Мен барлық акцияларымды саттым, барлық жинақ шоттарымды алдым және соңғы долларларыммен қосып Dogecoin-ға салу туралы шешім қабылдадым. Мен одан бұрын ешқашан Dogecoin-ға ақша салған емеспін" дейді тұрғын.

Ол Dogecoin-ды сатпайтынын айтады.  Керісінше, ол қысқа мерзімді кірістер салығын төлеуден аулақ болу үшін және ұзақ мерзімді аз салықты төлеу үшін өзінің инвестицияларын кем дегенде бір жыл ұстамақ. Содан кейін, 10 пайызды шығаруды жоспарлап отыр.

Ол сонымен қатар YouTube-те "Dogecoin Millionaire" арнасын ашып, осы аттас веб-сайт арқылы тауар сатуды жоспарлап отырғанын айтады.

"Мен институционалды инвестор емеспін. Менің клиенттерім жоқ және мен төлемдер мен комиссиялар бойынша жеке инвестициялық кеңестер бермеймін. Мен жеке қызығушы ғана адаммын. Dogecoin-ға салған инвестицияларым мен әлеуметтік желілердегі жазбаларым менің жеке зерттеуім мен талдауыма негізделген" дейді ол.

Дегенмен, кейбір сарапшылар криптовалюта бағасының құбылмалылығына алаңдаушылық білдірді.

Freetrade қосымшасын талдаушы Дэвид Кимберли CNBC басылымына берген сұхбатында адамдар Dogecoin-ды дүрмекке ілесіп, "тағы қымбаттайды" деп сатып алып жатқанын айтты. 

"Барлығы солай істеп жатқан кезде, көпіршік жарылуы мүмкін" дейді ол.

Валюта рекордтық деңгейге жеткеннен кейін, Dogecoin-ның негізін қалаушы Билли Маркус өзінің твиттердегі парақшасында "Жігіттер криптовалюта сияқты тұрақсыз активтерге бәс тігуді ұнатады. Эйфория - бұл  есірткі, бірақ сен білесің бе? Ең болмағанда (осы пайдамен) төлемдеріңді төлеп, отбасыңды тамақтандырып, сосын жаңбырлы күннен сақтайтын қорыңа ие бол" деп жазды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Dogecoin миллионер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір