• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:06:53
Алматы
+35°

Фото: Маңғыстау әкімінің баспасөз қызметі

 

Биыл Жаңаөзен қаласына 18 050 шаршы метр газон, 700 дана ағаш, 5 550 п.м бұта, 13 955 дана көп жылдық раушан гүлі және 37 000 дана бір жылдық гүлдер егіледі. Мұны Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Берік Ізғалиев мәлімдеді.

– Мұнайшылар шаһарының аумағын көгалдандыру жұмысына жергілікті бюджеттен 388 322,7 мың теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алудың ашық конкурсы нәтижесінде «Ақтау сервис құрылыс» серіктестігі жеңімпаз деп танылып, қаланы көгалдандыру жұмыстарын 368 885,3 мың теңгеге жасап бермек, – дейді Б.Ізғалиев. 

Негізінен мұнайшылар шаһарындағы Маңғыстау, Қашаған, Сәтбаев, Қосқұлақ, Бейбітшілік, Достық, Абай көшелеріндегі және саябақтарда орналасқан жасыл желектерді күтіп ұстау жүзеге асырылады. Қала аумағындағы барлық суару құбырларын күтіп ұстау жұмыстары қарастырылған. Қажеттілігіне қарай жаңа құбырлар салынбақ.

Өткен 2020 жылы қаланың кейбір аумақтарының жасыл желектерін суару жүйесі, тамшылатып суару жүйесіне ауыстрылып іске қосылды. Аталған жүйе ауыз суды үнемдеу мақсатында жүзеге асырылуда. Осы жүйе ағымдағы жылы жалғасын табатын болады.

Сәуір және мамыр айларында ағаштарды әктеу, суаруға дайындау, жасыл желектерді зиянкестерден улау, су құбырларын суаруға әзірлеу, жаңадан егілетін жасыл желектерді отырғызу секілді жұмыстары жүзеге асырылатын болады.

Жасыл желектерді суару жұмыстары мамыр айынан басталады. Жалпы көгалдандыруға 70 адам жұмыспен қамтылатын болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жасыл желек Жаңаөзен

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір