09 Сәуір, 2021 Барлық аймақтар
Фото: Видеодан скриншот
Алматыдағы қоғамдық көліктердің бірінде екі жолаушының жанжалдасқан видеосы тарап жатыр. Видеоны 100.baks.off парақшасы жариялады.
Видеодан бейтаныс жолаушының қара көзілдіріктегі жігітке "осы ақпаратты рухың жетсе, жоғарыдағыларға айт" деген сөзін естуге болады. Оған қарама-қарсы тұрған жігіт "жетеді, че там, ағам бар" деп жауап береді. Ары қарай диалог төмендегіше өрбиді.
– Жоғарғыдағыларға жеткіз осы ақпаратты.
– Жетеді , жетеді, ағам жоғарыда істейді, Че там? Че там? Че там?
– Ағаңның есімі кім?
– Менің атым Нұрболат, ағамның аты Ержан. Че там?
– "Ол қайда істейді, акимат?"
– Майор, майор. Че там?"
– Сондықтан осылай сөйлейсің бе?
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жолаушылар арасындағы жанжал неден шыққаны әзірге белгісіз.
Елде жоғары лауазымды қызметте істейтін танысына сеніп түрлі әрекетке, заңсыздыққа баратын жағдайлар бұған дейін де болған. Таяуда ғана Түркістан облысында жол жүру ережесін бұзған азаматтар өздерін тоқтатқан тәртіп сақшыларына "Жұмабектің бажасымын" деп дөрекілік көрсеткен. Полиция қызметкерлері оларды осы сөзден кейін жібере салған. Оқиғаның видеосы желіде тарап, қызу талқыланған соң ұзамай оқиға қатысушыларының үстінен бірнеше бап бойынша әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданған. Жол ережесін бұзғандардың танысы болып шыққан Түркістан облысы Отырар аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Жұмабек Төлеген мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен полиция стандарттарын бұзғаны үшін атқарып отырған лауазымынан босатылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір