• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 13:52:12
Алматы
+35°

Семейде атауы жоқ даңғылға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріледі, деп хабарлады Semey News сайты. 

Қала әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясында қаралған төрт мәселенің бірі жаңа Қарағайлы даңғылына елбасының атын беру жайлы болған. 

Аталған даңғыл Қарағайлы тұрғын алабында орналасқан. Семей-Павлодар жолынан бастау алады. Сол жақта көпсалалы мәдени-спорт кешені, Назарбаев Зияткерлік мектебі, оң жағында көпқабатты үйлер мен балабақша бар.

Келешекте даңғыл бойынша мұз кешені, білім мен технология мектебі, серуендеу орындары, тамақтану пункттері ашылмақ.

Қарағайлыдағы даңғылға атау беру туралы соңғы шешімді Республикалық ономастикалық комиссия қабылдайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір