• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:55:45
Алматы
+35°

Бүгін 28 ақпанда шетелдегі оппозиционер Мұхтар Әблязов жетекшілік ететін Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының митингі өтеді делінген Алматыдағы Арбатта полиция 4-5 адамды ұстады.

Белсенділер алдымен Орталық саябақ маңына жиналатыны хабарланған. Алайда Қамшы тілшісі ол жақтан полиция қызметкерлері мен бейсауыт жүрген адамдарды ғана байқады. Орталық саябақ есігіне құлып қойылып, санитарлық жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы қағаздар ілінген.

Орталық саябақта санитарлық жұмыстар жүргізіліп жатыр деп жабық тұр

Белсенділер баратын соңғы нүкте ретінде белгіленген Арбатта қыдырып жүргендерден бөлек тұс-тұста бірнеше адам тұрды. Бірақ сырт көзге олар митингке шыққан адамға ұқсамайды. Қамшы тілшісі сондай адамдардың бірнешеуін полиция ұстап, автозагқа салып әкеткенін көрді. Тілшінің "ол азаматтарды не үшін ұстадыңыздар?" деген сұрағына полицейлер "олар мас болған соң ұстадық" деп жауап берді.

Алматының Арбаты. 28.02.2021

Өзін Байжан Беделов деп таныстырған ұсталған азаматтардың бірі митингке емес, Шамалғанда тұратын баласы мен келініне бара жатқанын айтады.

Фото: qamshy.kz

Алматы Арбатында азаматтарды ұстау сәті

Қазақстанның демократиялық таңдауы Қазақстанда экстремистік деп танылған. Бірақ Еуропарламент 2019 жылғы резолюциясында ҚДТ-ны "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған.

Құндызай Өтеген

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: митинг

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір