• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 20:23:40
Алматы
+12°

Алматы, Талдықорған қаласы және Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы өңірлердің бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин шараларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Қаулыға сәйкес:

  • сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің жұмысына тұрақты режимде рұқсат етіледі;
  • ұжымдық іс шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • Жұмыс және демалыс күндері ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарларына штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Адам толымдылығы 30%-дан аспайтын және 4 шаршыдан кем емес жабық және азық-түлік емес жабық базарларға әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, рұқсат беріледі;
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарына адамдар алдын-ала жазылу бойынша қабылданады;
  • 50 адамға дейін қатысатын мәдени нысандар мен концерт залдарының жұмысына (репетиция), залдарды 30%-дан аспайтын театрлардың, кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етіледі;
  • діни объектілердің қызметіне рұқсат етіледі. 

Аталған қаулы 15 ақпан күні күшіне енеді.

Талдықорған қаласының бас санитар дәрігері Е. Әсімқұлов карантиндік жаңа шектеу шаралары 15 ақпан сағат 7:00-ден бастап күшіне енетінін ескертті.

Қаулыға сәйкес: 

  • 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы тоқтатылады;
  • мәдени, бұқаралық, спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • жеке кездесулер (жиналыс, семинар, тренинг, форум, конференциялар) өткізуге тыйым салынады; 
  • банк почта бөлімшелері және халыққа қызмет көрсету орталықтарына алдын-ала жазылу бойынша баруы тиіс.

Атырау облысының бас санитар дәрігері М. Танауовтың қаулысы 11 ақпан сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.

"Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын-алуға қатысты шаралар туралы" бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылдың 10 ақпандағы №3 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Бас санитар дәрігердің қаулысында төмендегідей талаптар бар:

  • қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды коспағанда, қоғамдық орындарда, тұрғындардың баруына және демалуына, қызмет көрсетуге арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті;
  • 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қажетті тауарларды сатып алуды, сондай-ақ медициналық мекемелерге баруды  қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауы тиіс;
  • барлық облыс тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауы тиіс;
  • мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) толтырылуы 30% - дан аспайтын және бір келушіге кемінде 5 м2қамтамасыз ете отырып, жұмыс күндері ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер алдын ала жазылу бойынша (объектінің толтырылуы  1 келушіге кемінде 4 шаршы метр есебімен) штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып рұқсат етіледі.

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Х. Илюбаев коронавирус инфекциясын алдын алу үшін өз қаулысына жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

"ШҚО-да 14 ақпаннан бастап 27 ақпанға дейін шектеу шаралары ұзартылсын" делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес:

  • бұқаралық отбасылық, салтанатты, еске алу іс-шараларының (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде өткізілуіне тыйым салынады;
  • адамдар көп жиналатын жерлерде, оның ішінде жабық үй-жайларда және бұқаралық театрландырылған қойылымдардың, аниматорлар мен қуыршақтар қызметтерінің, шоу-бағдарламалардың, концерттер мен басқа да бұқаралық іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салынады;
  • қуаты 150 адамға дейін, толтырылуы 25%-дан аспайтын ауылдық жерлерде орналасқан мешіттерді қоспағандамешіттерде жұма намазының өткізілмеуі тиіс;
  • қоғамдық орындарда, оның ішінде автобус аялдамаларында және қоғамдық көлікте, оның ішінде таксиде маска кию режимін сақтауы тиіс.

Қостанай облысының бас санитар дәрігері ЕДаулетбаев коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында 4 ақпандағы № 5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес:

  • 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында контингенті 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқуына рұқсат етіледі;

  • колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін екінші семестрден бастап штаттық оқуға рұқсат беріледі;

  • білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі жұмыс жасайды;
  • (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту:пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30% - ы қашықтан оқытылады.

Қаулы 10 ақпан сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.

Қарағанды облысына қарасты Осакаров ауданының бас санитар дәрігері Г. Н. Рой карантин шараларына қатысты жаңа қаулысын жариялады.

Аталған құжатта Осакаров ауданының Молодежный кентінің аумағында шектеу шараларын күшейту жөнінде бас санитар дәрігердің №1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде 2021 жылғы 21 қаңтардағы №2 Қаулысының күшін жою туралы қаулысы қабылданды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір