• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:31:43
Алматы
+12°
 

Кеше Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен онлайн режиміндегі есептік кездесуде астанада тұрып жатқан Испания азаматының ағылшын тілінде қойған сауалына ағылшынша жауап берген.

Диего Амадо деген шетел азаматы әкімге Мадридте адамдар серуендеп, велосипедпен жүру үшін демалыс және мереке күндері қала орталығы жабылатынын айтып, осы тәжірибені қарастыруды ұсынған.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Әкім шетел азаматына қаланың даму жоспарында жаяу жүргіншілерге көбірек мүмкіндік жасау қарастырылғанын айтып, Диего Амадоны жобаларға қатысуға шақырған.

Әлеуметтік желіде қала әкімінің ағылшынша жауабы біраз талқыланған. Бірі оның шет тілде сөйлегеніне риза болса, келесілер мұны пиар деп жатты.

Ал бүгін Qumash телеграм-каналы әкімге сұрақ қойған Диего Амадо туралы бірқатар деректер жариялады.

"Диего Амадо астанада 4 жылдан бері тұрып жатыр. Өңдеу зауытында директор болып қызмет етеді. Ара-тұра актер болып нәпақа табатыны да бар" деп жазған ақпарат ресурсы Диего Амадоның қатысуымен түсірілген екі бейнеролик жариялады.

Бірінде шетел азаматы бармен рөлін сомдаса, екіншісінде орыс тілінде өзі туралы айтып берген.

 

Бұған дейін, "Время" газетінің журналисі Михаил Козачков Алтай Көлгінов командасындағы адамдары арқылы жеке пиармен айналысып отырғаны туралы хабарлаған. Пиар схемасының бір ұшы Көлгіновтың бұрынғы баспасөз хатшысы, кеңесшісі, Elorda Aqparat  ЖШС басшысы болған Жарқын Түсіпбекұлы Жұмаділовқа қатысы бары анықталып, ол өз еркімен қызметінен кеткен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алтай Көлгінов пиар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір