• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 09:57:59
Алматы
+12°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Талғат Донақов президентке еліміздегі сот корпусының жалпы ахуалы, жоғары сот кеңесінің былтырғы жұмысының қорытындылары мен биылғы жылға жоспары жайында баяндады.

Сайт мәліметінше, мемлекет басшысына Қазақстан халқына жолдауында және республикалық соттар съездінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар президентке жоғары сот кеңесі судьяларды іріктеудің сапасын арттыру үшін қолданатын заманауи HR және цифрлық технологияны енгізу жөнінде айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа кеңес жұмысына жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ, елдегі жаңа құрылған әкімшілік соттарға сапалы мамандар іріктеу туралы тапсырма берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір