Шығыс Қазақстанда Тәуелсіздік күні қарсаңында 11 әлеуметтік маңызы бар нысан ашылып, 744 отбасыға жаңа пәтерлер мен үйлердің кілттері табысталды.


ШҚО әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды Ұлы мерекемен құттықтап, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың егемен мемлекеттің қалыптасуы мен Қазақстанның жетістіктеріндегі рөлін атап өтті.


-Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуда, әлеуметтік – экономикалық дамуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді, - деп атап өтті Даниал Ахметов. - Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дана көреген саясатының және барша қазақстандықтардың ынтымақты еңбегінің арқасында елімізде жалпыұлттық идеяның маңызды құрамдас бөлігіне, қоғамдағы келісімнің негізіне айналған кең ауқымды реформалар мен қайта құрулар табысты жүзеге асырылды. Қазіргі Қазақстан - бейбітшілік аумағы, ұлттық бірліктің және Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің символы.


Тәуелсіздік күні қарсаңында Шығыс Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар нысандар ашылды, ал облыс тұрғындары жаңа қоныс тойын тойлады.


Екі жыл бұрын Глубокое кентінде есеп беру кездесулерінің бірінде тұрғындар аудандағы мәдени мекеменің жоқтығына шағымданған еді. Өтініш назарға алынып, Коронавирустық пандемияға байланысты енгізілген қатаң шектеулерге қарамастан, Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа Мәдениет үйі аудан тұрғындарына есігін айқара ашты.


Сонымен қатар, Глубокое кентінің көпбалалы аналары аумағы ойын алаңы, көгалдар мен гүлзарлар, автотұрақ және жолдармен жабдықталған жаңа үйден пәтер кілттерін алды. Жаңа қоныс иелері Тәуелсіздік күніне орай ең қажетті сыйлықты алғандарын атап өтті.


Аягөз ауданында 120 отбасы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынған 60 пәтерлі екі үйдің жаңа қоныстанушылары болды. Аягөз ауданының тағы 20 көпбалалы отбасы бір қабатты үйлердің кілттерін алды.


Тарбағатай ауданының тұрғындары мереке қарсаңында екі пәтерлі 11 үйге қоныстануға мүмкіндік алды. Бесқарағай ауданының тағы 10 отбасына екі пәтерлі 5 үйдің кілті табыс етілді. Курчатовта жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 6 балаға пәтер берілді. Сондай-ақ, аталған үйдегі пәтер кілттерін Курчатовтың 7 тұрғыны алды, олардың үйлері апатты деп танылды және бір көп балалы отбасы алды. Сонымен қатар, мереке қарсаңында Семей мен Үржар ауданында көпбалалы отбасылар жаңа пәтерлерге қоныстанды.
Тәуелсіздік күніне орай Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында күрделі жөндеуден кейін Абай атындағы мектеп ашылды. Тарбағатай жастар ресурстық орталығының жанынан коворкинг орталығы ашылды. Сонымен қатар, аудандағы Ақмектеп ауылында тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету Модулі іске қосылды. Жарма ауданының Қапай және Аршалы ауылдарында мерекеге орай су құбырлары жүргізілді. Ағымдағы жөндеуден кейін Катонқарағай ауданының Аққайнар ауылында ауылдық клуб, сондай-ақ Өрел ауылында кітапхана ашылды.
Облыс орталығында атаулы күн қарсаңында оқушылар арасында шайбалы хоккейден "Жұлдызша" қалалық турнирі өткізілді, ал "Самал" саябағында, "Алтай" стадионында, Комсомольский аралында және этнопаркте конькимен сырғанау үшін мұз алаңдары ашылды. Сонымен қатар, "Сәулет 2020" жас сәулетшілер форумы өтті.
Облыстың барлық қалалары мен аудандарында онлайн форматта мерекелік концерттер өтті. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін белсенді азаматтар марапатталды. Республиканың Тәуелсіздік күні туралы баяндайтын бірыңғай сынып сағаттары, ғылыми зиялы қауым, құқық қорғау органдарының қатысуымен "Бейбітшілік және жасампаздық жылдары" онлайн-конференциясы, қайырымдылық акциялары, кітап көрмелері, мәнерлеп оқу конкурстары өтті.
Сонымен қатар, облыс тұрғындары " Менің Туым. Менің Отаным!» акциясына қатысты. Осылайша, Шығыс Қазақстанда 383 Мемлекеттік Ту, 317 жалауша және Ту бейнеленген 35 баннер ілінді.

Ілмек сөздер: шқо

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір