• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:49:49
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2020 Барлық аймақтар

Қазақстанда жыныстық бопсалауға қарсы петиция жарияланды

Қазір Қазақстанда жыныстық бопсалау үшін қылмыстық жаза енгізу туралы заң жобасы қарастырылуда.

Фото: aikyn.kz

Азаматтық белсенділер мен бірқатар заңгерлер Қазақстанда жыныстық бопсалауға заң жүзінде тыйым салуды талап етуде. Олар елдегі мәселеге назар аударуға шақырып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына "Қазақстанда жыныстық бопсалауға заң жүзінде тыйым салу туралы" петиция жолдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Құқықтық саясатты зерттеу орталығының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Белсенділердің пікірінше, жыныстық бопсалауға қатаң да нақты жаза бекітпесе, құрбандар саны көбейеді. Бопсалау салдары зорлыққа, тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін. Мамандардың есебінше, тиісті заңның жоқтығынан жұмыста, қоғамдық орындарда зәбір көріп, зорлық көргендер қатары соңғы жылдары арта түскен. Бірақ ол туралы көбі тіс жармайды. Жыныстық бопсалау бойынша елде 20 жылда 87 іс тіркелген. Алайда бірде-бір айыпталушы бас бостандығынан айырылмаған. Өйткені зәбір көрушінің құқығын қорғайтын арнайы заң жоқ.

Петиция мәтінінде "Біз, Қазақстан азаматтары, Сізді елдегі жыныстық бопсалау мәселесіне назар аударуға шақырамыз! Біз қоғам ретінде бұдан былай азаматтарымыздың өз қауіпсіздігіне қол сұғушылықтан зардап шегетініне, балалар мен ересектер бопсалаудың құрбанына айналатынына және агрессорлар заңмен қатаң жазаланбайтынына бей-жай қарай алмаймыз. Жыныстық бопсалау себебінен адамның психикалық денсаулығы нашарлап, ұйқысы бұзылып депрессияға түседі. Жыныстық бопсалау соңы өз-өзіне қол жұмсауға себеп болуы мүмкін. Біз әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайтын, зорлық-зомбылық жасалмайтын елде өмір сүргіміз келеді!" делінген.

– Қазақстанда жыныстық бопсалау ұғымы бұрмаланған. Жаңа заң жобасында, ең алдымен, біз дұрыс терминологияны, харассменттің дұрыс және салмақты түсінігін көреміз. Бұл реформа жасы, жынысы мен ұлты, әлеуметтік жағдайына қарамастан кез келген адамның жеке өміріне қол сұғушылықтың алдын алады. Кей жағдайда зорлау немесе кісі өлтірудің алдын алуы мүмкін, – дейді "Құқықтық саясатты зерттеу орталығы" ҚҚ бағдарламаларының үйлестірушісі Аяжан Ойратова.

Еске сала кетейік, қазір Қазақстанда жыныстық бопсалау үшін қылмыстық жаза енгізу туралы заң жобасы  қарастырылуда.

Петиция авторлары білім беру және медициналық мекемелерде жыныстық бопсалағаны үшін сотталған адамдардың тізімін құруды ұсынып отыр. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды жыныстық бопсалағандарды, ата-аналары мен заңды өкілдерін қатаң жазалауды талап етуде. Жұмыс орнындағы жыныстық бопсалауға қатысты жұмыс берушілерге ішкі саясатын әзірлеп, Еңбек кодексіне сәйкес ережелер енгізуді ұсынды.

Петицияға қол қою үшін https://otinish.kz/ru/petition/40  сайтына өтіңіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір