22 Қараша, 2020 NEWS
Фото: Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті
Нұр-Сұлтанда дәмханасындағы газ баллоны жарылысынан зардап шеккен 23 адам ауруханаға жатқызылғаны хабарланды.
Кеше елорда дәмханаларының бірінде жойқын жарылыс болып, бір адам қаза болған. Қазіргі уақытта 23 адам ауруханаға жатқызылды.
"Зардап шеккендердің бәрі бірден қалалық стационарларға жеткізілді. Дәрігерлер қарап шыққаннан кейін 23 адам ауруханаға жатқызылды, жеңіл-желпі жарақат алған 11 адам амбулаторлық емге жіберілді" делінген қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Сондай-ақ аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-тармағы бойынша (Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Айта кетейік, кеше елорда әкімі Алтай Көлгінов газ баллоны жарылған дәмханадағы өрттен қаза болған қыздың отбасына көңіл айтып, көмек көрсетілетінін мәлім еткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір