• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:43:58
+12°

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов газ баллоны жарылған дәмханадағы өрттен қаза болған қыздың отбасына көңіл айтып, көмек көрсетілетінін атап өтті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

– Газ баллон жарылған кезде бөлмеде болған қыздың отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Марқұмның отбасына көмек көрсетіледі. Төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды, – деді қала әкімі.

Ол психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін жедел штабтың құрылғанын (24-51-71, 24-51) айтты.

Қала басшысы төтенше жағдайлар және полиция департаментіне қаладағы басқа да қоғамдық тамақтану нысандарын өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды.

Бұған дейін Нұр-Сұлтандағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адамның қаза болғаны хабарланған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір