• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:07:30
Алматы
+35°

Бүгін Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов ескерткішінің алдында рұқсат етілген митинг өтті. Митингке Демократиялық партия құруға талпынып жүрген қоғам белсендісі Жанболат Мамай мен Youtube желісіндегі "Басе" каналының авторы Айдос Садықов шақырды. Ұйымдастырушылар несие кешірілуін, жер сатылмауын, саяси тұтқындардың босатылуын талап етіп, 10 қаңтарға белгіленген мәжіліс сайлауына бойкот жариялауға шақырды.

"Барлық саяси тұтқындар бостандыққа шығуы керек. Мемлекет олардың алдында кешірім сұрап, өтемақы төлесін, себебі олар қылмыскер емес" деген Жанболат Мамай Жаңаөзен оқиғасы мен Желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында 16 желтоқсан күні де және сайлау болатын 10 қаңтар күні де алаңда митингке жиналатынын хабарлады.

Билік 10 қаңтар күні өтірік мәжіліс сайлауын өткізбек. Ол жерде ешқандай таңдау жоқ, ешқандай саяси партия жоқ. НұрОтан партиясы және қалғаны соның бөлімшелері сияқты. Билік қалай айтады, солай болады. Сол үшін біздің сөзіміз анық болуы керек. Біз мұндай сайлауға қатыспаймыз. Парламент сайлауына бойкот! Қазақстанға саяси реформа, саяси өзгерістер керек. Олай жасамаса, Назарбаев та, Тоқаев та кетсін. Назарбаевтың 30 жылдық билігінен шаршадық. Сөзімізді үкімет естімесе, бізде алаңға шығудан басқа амал жоқ. Алаңға шығып, талап қоятын кез келді, – деді Жанболат Мамай.

Гүлім Жарасқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір