03 Қараша, 2020 Саясат
Фото: qamshy.kz
2 қараша түнде белгісіз адамдар Австрия астанасы Венаның орталығында шабуыл жасамақ болып, оқ атты. Салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмып, бір жәбірленуші ауруханада қайтыс болды және 15 адам жарақат алды. Шабуылдаушының бірі сонда мерт болса, қалғандары қашып кеткен. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлады.
Қылмыскерлердің нақты саны мен жеке құрамы әзірге белгісіз. Билік егжей-тегжейін жария етуден бас тартты, өйткені оларды іздеу операциясы жалғасып жатыр. Вена тұрғындарына үйде болуға бұйрық берілді. Австрия канцлері Себастьян Курц операция созылатынын айтып, азаматтарды көшеге шықпас бұрын таңертең соңғы жаңалықтарды оқуға шақырды. Жалпы алғанда, полиция мен ішкі істер министрлігі шабуылдардың алты орны туралы хабарлады.
Оқиғадан екі сағат өткеннен кейін-ақ Австрияның ішкі істер министрі Карл Нехаммер оқиғаны террористік акт деп атады. Ол Венада үлкен арнайы операция жүргізіліп жатқанын айтты.
Дүйсенбі кешкісін Австрия астанасының орталығында бірқатар шабуылдар болды. Біріншіден, шамамен 20.00-де атыс Сайтенштятенгассе көшесінде болған. Бұдан алыс емес жерде синагога бар, сондықтан алғашқы хабарламаларда бұл шабуылдаушылардың нысаны болғаны айтылған, дегенмен аталмыш ақпарат әлі сенімді түрде анықталмады. Экстремистер белсенділігіне мониторинг жасайтын "SITE Intelligence Group" америкалық агенттіктің мәліметінше, Венадағы осы оқиғаға жихадшылардың қатысы бар.
Жақында Францияда да терракт болған еді. Ел президенті Эммануэль Макрон Венадағы атыс туралы жаңалықтарға қатысты twitter парақшасында пікір білдірген.
– Біз, француздар, Венадағы шабуылдан кейін австриялықтардың күйзелісі мен қайғысына ортақтасамыз. Франциядан кейін достас елге (Франция) шабуыл жасалды. Бұл – біздің Еуропа. Дұшпандар кіммен алысып жатқанын білуі керек. Біз мойымаймыз және ештеңеге жол бермейміз, – деп жазды Макрон.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір