01 Қыркүйек, 2020 NEWS
Instagram парақшасынан
Алматыда кәсіпкерлер өз қаражатына балаларға арналған тегін домбыра мектебін ашты. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram -дағы парақшасында жазды.
«Алматылықтарға тән қасиеттің бірі — әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейде болуы. Жетісу ауданында кәсіпкерлер өз қаражатына балаларға арналған тегін домбыра мектебін ашты. Қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтіруге Сәкен Мейірбеков көмек көрсетсе, бөлмелерді жабдықтау шығынын Айнұр Жұмаш өз мойнына алды. Сабақ санитарлық қауіпсіздік талаптар жағдайында өткізіледі»,– деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Ұстаздар қалалық Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа қабылданған Құрманғазы атындағы консерваторияның түлектері.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір