30 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: qamshy.kz
Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, қала әкімі тапсырмаларының орындалу барысы туралы тікелей эфирде айтты.
Аудан әкімінің айтуынша, "Бюджетке қатысу" жобасы аясында жүзеге асырылатын нысандарға, сондай-ақ әлеуметтік мақсаттағы нысандар мен аумақты абаттандыру жобаларына бару жоспарланып отыр. Сонымен қатар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және білім беру инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері де қамтылатынын атап өтті.
Нұрлы жер "бағдарламасы аясында" Алматы Тұрғын үй " ЖШС 22 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге хаттама және 55 тұрғын үйге 132 лифт орнатуға хаттамалар жасалып, ұсынылды.
Жыл басынан бастап Сейфуллин даңғылы, 467а және 467б мекен-жайлары бойынша және Маметова тұрғын үйінің қасбеті, 63 мекен-жайлары бойынша тұрғын үйлердің қасбеті мен шатырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бағдарламаға қатысуға қосымша Манас, 79 және Исаев, 15 үйлерінің тұрғындары ниет білдірді, карантин аяқталғаннан кейін құжаттар "Алматы Тұрғын үй" ЖШС-не тапсырылады.
Сонымен қатар 2020 жылы 43 тұрғын үйде 111 лифт ауыстырылды. Екінші жартыжылдықта 8 үйге 21 лифт орнату арқылы қолданыстағы хаттамалар бойынша ауыстыруды аяқтау жоспарлануда.
Алмалы ауданы әкімінің аппараты "АлТС" ЖШС-не КҚК-ға дайындық бойынша іс-шараларды толық орындап, әлі күнге дейін акт алмаған тұрғын үйлердің тізімін берді. Аталған үйлерге кідірістерді болдырмау үшін акт ресімдеу үшін комиссинно шығу ұсынылды.
Айта кетейік, 31 балабақшаның 29-ы дайындық актісін алды, ал 22 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілуде, 16 балабақшаға, №43 балабақшаға ағымдағы жөндеу жүргізілуде.
Ағымдағы жылы 160 аула аумағын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы жөнделген 27 аулаға және 205 аулаға балалар мен спорт алаңдарының ақауларын жою бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қаланың сәулеттік келбетін қалпына келтіру мақсатында 70 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттерін (фасад) жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Алмалы ауданының ЖҮ (жекеменшік үй) газдандыру бойынша:
Бүгінгі күні көшедегі газ құбырлары 3495 ТЖБ – ға жеткізілді, оның ішінде 403 ТЖБ-орталық жылуға қосылды, 2969-ТЖБ-Орталық газға қосылды, қалған 97 ТЖБ-Орталық газға келесі себептер бойынша қосылмаған:
97-жекеменшік ұйлерді аралап, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, және Халық банкі АҚ-сынан пайызсыз несиеленіп орталықтандырылған газға қосылуға болатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
20-ЖҮ газ қазандығын орнатудың техникалық мүмкіндіктері жоқ. 6-ЖҮ екінші деңгейдегі банктің кепіл мүлкі болып табылады. Айта кету керек, 2019-2020 жылдары 26 үйге ішкі газ желілері, ішкі жылу жүйелері және қазандықтар орнатылды.
Төтенше жағдай және карантин кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шаралары (ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 11 мамыр аралығында):
Жергілікті бюджеттен:
ТЖ кезінде ХӘОТ үшін азық-түлікке 2 АЕК көлемінде ақшалай өтем, аудан бойынша 6 683 адамға, жалпы сомасы 37 605 085 тг, оның ішінде:
- АӘК алушылар – 218 отбасы (715 адам);
- 1 топ мүгедектері - 693 адам;
- 2 топ мүгедектері-2893 адам;
- 3 топ мүгедектері-1885 адам;
- 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек балалар - 600 адам;
- бала кезінен 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қамқоршылар – 612 адам.
Коммуналдық қызметтер үшін шығындарды өтеу 15 мың теңге.
- Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне 40 адам.
- Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілгендер
- АӘК алушылар;
- 1 топтағы мүгедектері;
- 2 топ мүгедектері;
- 3 топ мүгедектері;
- 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек балалар;
- 18 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек балалардың қамқоршылары
Демеушілік қаражат есебінен:
Мұқтаж жандарға көмек көрсету барысында ауданның кәсіпорындары мен ұйымдары тартылды.
"Халық" және "Жаңа Алатау" қоры, халыққа азық-түлік көмегін көрсетті, сонымен қатар жеке азаматтар да шетте қалмады.
Жалпы 5103 азық-түлік себеті тапсырылды, оның 3120-сы аудан демеушілері арқылы.
Колл орталық арқылы 3199 адам хабарласты.
"Нұр Отан" партиясы арқылы:
- 180 отбасыға санитарлық-гигиеналық құралдар берілді;
- 4676 адамға бетперде табысталды (233 800 дана, 1 адамға 50 данадан);
- 239 жалғызбасты 80 жастан жоғары қарттарға ыстық тамақ беру ұйымдастырылды;
- 3295 адамға біржолғы 50 мың теңге көлемде төлем алды.
Алмалы ауданының "Бақытты отбасы" орталығының жұмысы
Орталықта көп балалы және аз қамтылған отбасылармен кешенді жұмыс жүргізілуде, онда психологиялық және әлеуметтік көмекпен қатар бизнес үдерістерге, яғни практикалық дағдыларға оқытылады және өз ісін ашуға жәрдемдеседі.
Орталықта барлығы 1291 көпбалалы және аз қамтылған отбасы тіркелген (883 көп балалыана; 38 мүгедек; 52 мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуші; 318 толық емес отбасы).
Жыл басынан бері 11161 қызмет көрсетілді, 3113 онлайн курстар өткізілді. 2020 жылы "Бизнес бастау" кәсіпкерліктің негіздерін үйрету курстарында 500 адам оқып оның 207 грант иегері атанды (200 АЕК).
Демеушілік қаражат тарту есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған әлеуметтік тігін цехы ашылды.
Алмалы ауданының "Бақытты отбасы" орталығының мүмкіндіктерін кеңейтіп, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту және ауданның көпбалалы және аз қамтылған отбасыларын жұмысқа орналастыру қарастырылған.
Тігін цехының ашылуына "Жібек жолы" бизнес орталығы өз мекемесінен орын беріп, қолдау көрсетті, сондай-ақ ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарының қолдауымен қажетті жабдықтар мен құрал-саймандар сатып алынды.
Іске асырылып жатқан алаң әлеуметтік осал азаматтарға тігін өндірісіндегі бизнес идеялар үшін инкубатор болады.
Әлеуметтік тігін цехында карантин кезінде 3000 астам көп қолданбалы бетперделер тігіліп қайырымдылық аясында "Бақытты Отбасы" орталығында тіркелген ауданның аз қамтылған тұрғындарына таратылды.
Әлеуметтік тігін цехы өз жұмысын үстіміздегі жылдың тамыз айнда бастап, бетперде тігіп жатыр. Барлығы 200 теңгеге 500 көпреттік бетперде сатылды, 300 жеке санитарлық қорғаныс заттары тігіліп 100 мың теңгеге сатылды. Қазіргі таңда жылы жамылғылар мен төсек орын заттары нарықта сұранысқа ие болғандықтан, цехта төсек орын заттары тігілуде. Бүгінге 100 дана төсек орын заттарын тігуге тапсырыс алынды.
Сонымен қатар, ұлттық қолөнер бұйымдарына сұраныс бар, осыған орай ұлттық нақыштағы тауарлар желісі жасалуда (құрақ көрпе, бас орамал, қажекей, қоржын және т.б.)
«Almaly» жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында айтылғандай, сондай ақ барлық стратегиялық құжаттарда көрсетілгендей халықты жұмыспен қамту және кіші және орта бизнесті қолдау барлық деңгейлердегі әкімдердің қызметінің басты бағыты болып табылады. Осы орайда «Almaly» жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының ашылу бастамасы қолға алынды. Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасымен ашылған «Бақытты Отбасы» орталықтарында «Іскер Ана» бағдарламасы іске асырылуда, бұл бағдарлама халықтың осал топтарына тигізген нақты көмегін дәлелдеген. Осы орталықтың жұмысы барысында өз ісін бастағысы келетін азаматтарға арналған халыққа қызмет көрсету орталықтың қажеттілігі анықталды. «Almaly» жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығында жаңадан өз ісін бастаған кәсіпкер «бір терезе» режимынде мемлекеттік қолдау, бизнесті жүргізу бойынша белсенді сұрақтар жөнінде толық консалтингтік көмек ала алады.
Бұл бастаманы "Qoldau" кәсіпкерлік орталығы, "Атамекен" ҰКП, "Almaty Finance" ЖШС, Азаматтарға арналған үкімет (ХҚКО) қолдады.
Іске асырылып жатқан жұмыстың мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту, өз ісін ашу және дамыту мүмкіндіктерін оңтайландыру болып табылады.
Ауданымыздың қарт тұрғындарына көрсетіліп отырған әлеуметтік көмек жөнінде:
Алмалы ауданында 35 945 зейнеткер, 33 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері 2473 тыл еңбеккерлері тұрады.
Егде жастағы азаматтарға арналған Желтоқсан көшесі 29 мекен жайында орналасқан «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қызмет атқаруда.
Орталықта зейнеткерлерге арналған кітапхана, фитнес, йога, аэробика залдары қарастырылған, сондай ақ шахмат, тоғыз құмалақ, фильмдер көру, компьютер үйрету ұйымдастырылған. Апта сайын тегін құқықтық, психологиялық, медициналық кеңестер ынталадыру семинарлары мастер класстар ұйымдастырылған.
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына орай, жергілікті бюджет есебінен 40 Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне әр қайсысына 1 млн. теңге көлемінде, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген 540 азаматқа әр қайсысына 100 мың теңгеден әлеуметтік төлем төленді.
Барлығы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына орай, 3248 адам қамтылып, оларға 227 400 000 теңге төленді.
Аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен Ұлы Отан соғысының арадагерлеріне құттықтау себеттері тапсырылып, тұрмыстық техника сыйланды.
Сонымен қатар, карантин кезінде 3295 азамат «Нұр Отан» партиясының «Біз біргеміз!» акциясы аясында 50 теңге көлеміндегі бір реттік әлеуметтік көмек алды, барлығы осы мақсатқа 164 750 000 теңге төленді.
41 Ұлы Отан соғысы ардегерлеріне, 263 тыл еңбеккерлеріне және 1000 нан аса зейнеткерлерге азық түліктік көмек көрсетілді. Ыстық тамақпен 80 жастан асқан 239 қарт қамтылды.
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге республикалық бюджет есебінен коммуналдық төлемдерге 15 мың теңге көлемніде өтемақы төленді.
Жарты жылдықта бір рет төленетін 7 АЕК мөлшерінде төленетін әлеуметтік көмекті 1241 азамат алды, олардың айлық табысы үш өмір сүру минимумынан аспайды (101 283 теңге).
Алмалы ауданында қарттар айлығы аясында келесі іс шаралар жоспарланған: таза ауадағы спорттық іс шаралар (Ганди атындағы, Әлия мен Мәншүк атындағы, Сосновый саябақтары, Прокофьева көшесіндегі жаяу жүргінші алаңы), ауданымыздың құрметті тұрғындарының қатысуымен ағаш отырғызу, жүзу бойынша жарыс (санитарлық нормалады және ара қашықтықты сақтай отырып) және т.б. іс шаралар.
Жалғызбасты, аз қамтылған қарттарға арналған «Жүрек жылуы» қайырымдылық шаралары және әлеуметтік көмек көрсету.
Сонымен қатар ауданымызда 100 жастан асқан 12 қарт кісіге жылдағы дәстүр бойынша көмектер көрсетіледі.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету
Бүгінгі күні орталықта 62 мүгедек бала оңалту және бейімделуден өтуде, 18 жастан жоғары 52 мүгедек бала. 50 мүгедек бала жартылай стационарда оңалту қызметін алуда.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша 6 бөлімше жұмыс істейді. Онда 63 әлеуметтік қызметкер, 6 кеңесші, 6 бөлімше меңгерушісі жұмыс істейді.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері 528 зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет көрсетеді.
Әрбір әлеуметтік қызметкер 8 зейнеткерге және жалғыз тұратын мүгедектерге қызмет көрсетеді.
АӘК
АӘК бойынша кеңес алу үшін Жұмыспен қамту орталығы мен әлеуметтік әл-ауқат бөліміне 714 азамат жүгінді.
2020 жылдың 11 қыркүйегіндегі жағдай бойынша АӘК 273 отбасына (1299 адам), оның 108 көпбалалы отбасыларға тағайындалды және төленді.
Шартты материалдық көмек - 202 отбасына, оның ішінде 1040 адамға 76 776 085 теңге төленді;
Шартсыз материалдық көмек - 69 отбасына, яғни 239 адаға 25 709 977 теңге төленді.
Аз қамтылған отбасыларға берілетін тұрғын үй жәрдемақысы беріледі. Жыл басынан бері тұрғын үй көмегін тағайындауға 408 өтініш келіп түсті, тұрғын үй көмегін көрсету үшін төленген қаражаттың жалпы сомасы 4 237 005 теңгені құрайды (жоспар 11 692 790 теңге, орындалуы 36,23%).
Әлеуметтік төлемдер
Алматы қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында «Жеке оқу жоспары бойынша мүгедектер қатарынан мүгедек балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу тәртібі» бойынша 56 адам тағайындалды. 2 605 250 теңге сомасында және 56 адамға төленді. жалпы сомасы 2 605 250 теңге (жоспар бойынша 7 457 671 теңге, орындалуы 34,93%).
Білім беру
2020-2021 оқу жылының басында Алмалы ауданының 29 мемлекеттік және 11 жеке-меншік мектептерінде жалпы оқушылар саны – 35 509 оқушыны құрады (2019-2020 оқу жылы 33 014), оның ішінде мемлекеттік мектептерде –32187 оқушы, ал жеке мектептерде – 3322 оқушы.
2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында 22 мектептегі 154 сыныпта 1 мен 4-ші сыныпқа дейінгі 2011 баланы қамтитын кезекші сыныптар режимінде, қалған сыныптарды онлайн режимде оқыту форматында басталды.
-1 сыныпта 85 топ – 1118 бала;
-2 сыныпта 33 топ – 445 бала;
-3 сыныпта 16 топ – 197 бала;
-4 сыныпта 20 топ – 251 бала
Кезекші сыныптардағы педагогтар саны 180 мұғалім .
8 жеке-меншік мектептен 360 баланы қамтитын 24 кезекші топтар ашылды.
Кезекші сыныптардағы сабақтар 40 минуттан өтеді (сыныпта оқушылар бір-бірімен араласпай және парталарда бір-бірден отыратын болады), әр сыныптың өзіндік үзіліс уақыты болады.
Қашықтықтан оқыту форматы бойынша оқушылар мен мұғалімдер үшін 6401 бірлік компьютер техникалар қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, 28-29 тамыз күндері қашықтықтан оқыту кезеңінде аудан бойынша 1477 оқушы аз қамтылған ата-аналардың есебіне әр балаға 30000 тг жіберілді.
«Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасыдан шыққан 200 бала оқушы сөмкелерімен қамтамасыз етілді.
Бүгінгі күні оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында, №54 мектеп ғимаратына сейсмикалық күшейту мен күрделі жөндеу жүргізілуде және №15 мектеп ғимаратына сейсмикалық күшейту негізінде ЖСҚ әзірленуде. №34, 144 мектеп ғимараттарына қосымша ғимарат салу бойынша ЖСҚ әзірленумен қатар қазаншұңқырларды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік жеке-меншік серіктестік аясында №95 және №128 мектеп аулаларында спорттық кешендердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Мектепке дейінгі білім беру
Аудан аумағында 8079 баланы қамтитын 105 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде:
- мемлекеттік балабақшалар – 27, балалар саны – 6092;
– жеке меншік балабақшалар-21, балалар саны – 1342;
- жеке шағын орталықтар – 57, балалар саны – 645.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша (Балапан) 568 орынды қамтитын 9 жеке білім беру ұйымы жұмыс істейді. Мемлекеттік жеке-меншік серіктестік аясында 2 ұйым 70 орынды қамтитын мемлекеттік тапсырысты орындайды. Алматы қаласы бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту–82,5 %.
25 мемлекеттік балабақшада 2299 баланы қамтитын 147 кезекші топтар жұмыс істеуде. 20 жеке меншік балабақшада 910 баланы қамтитын 80 кезекші топтар ашылды.
Алматы қаласы әкімінің тапсырмасыаясында балабақшалардағы кезекті азайту мақсатында 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ауданда 5 жекеменшік балабақша ашылды.
Сондай-ақ, №12,21,43,139 балабақша ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары және №16, №22 балабақша ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Мәдениет
Ағымдағы жылдың маусым айында Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 2 хаттамалық тапсырмасына сәйкес QR-кодтары бар 6300 бірлік аншлаг ауыстырылды.
2020 жылдың 15 шілдесінен бастап қаланың волонтерлық штабтарымен бірлесе аудан аумағында адам көп шоғырланатын алаңдарда «Жақыныңды сақта, бетперде тақ» атты ақпараттық акциясы өткізілді. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты тұрғындарды бетперде тағуға шақыру, әлемдік індеттен сақтануға шақыруға бағытталған үндеу болып табылады. Акция көше бойларында және алаңдарында коранавирусқа қатысты брошюраларды таратумен жүзеге асырылды.
Мелекеттік қызметтер
Алмалы ауданының аппаратымен 11 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, олардың ішінде: 10 – АХАТ бөлімімен , 1 – мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.
04.09.2020 ж. Барлығы көрсетілген мемлекеттік қызмет – 9755. Олардың ішінде ХҚКО – 6505, мемлекеттік мекеме – 755, электрондық үкімет порталы – 2494. Олардың ішінде туылу - 3366, неке қию - 1085, неке бұзу - 456, әкелікті анықтау – 71, асырап алу - 4, туу туралы жазбаларды қалпына келтіру - 20, өлім - 1462, тегін ауыстыру, Атын және жөнін - 119, қайталама құжаттар мен мұрағаттық анықтамалар шығарылды – 3153, Актылық жазудың күшін жою – 19.
Сонымен қатар мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арқылы 131 спорттық разрядтар беріді.
Криминогендік жағдай
Жылдын басынан Алмалы ауданының аумағында АЕК-те (Ақпарат есептеу кітабі) – 19361 қылмыс тіркелді, оның ішінде – 3442 (2019ж. – 9311) қылмыстық заң бұзушылықтар, қоғамдық орындарда орын алғандардын саны – 1708 (2019ж. – 4392), көшелерде жасалған қылмыстар саны – 876 (2019ж. – 2482).
Қылмыстарды ашудын жалпы саны – 1502 процентте – 38,7% (2019ж. – 2259 процентте – 24,1%), ПУИ арнайы іздестіру тобымен – 622 (2019ж. - 1553) қылмыстық құқық бұзушылық ашылды, ЮПБ-мен – 199 (2019ж. – 120), ЖПП – 464 (2019ж. - 1052).
Құжат айналымы
04.09.2020 жылы жалпы құжат айналым 6661 құрады, олардың ішінде барлығы заңды тұлғалардан 305 және жеке тұлғалардан 1400, қызметтік хат-хабарлар 3217, бастамашылық хаттар - 1656, "ҚБПҮ" грифі бар хаттар - 83, оның ішінде қоғамдық қабылдау бөлімесі «Open Almaty» 265 өтініш, 251 өтініш қаралып, 14 өтініш жұмыс барысында.
Алмалы ауданының web-сайты арқылы барлығы – 2101 өтініш («Алматы қ. әкіміне сұрақ» - 43, «Алмалы ауданы әкіміне сұрақ» - 285, қаланың әлеуметтік желілері - 1773).
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір