• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:08:22
Алматы
+35°

Тарбағатай ауданындағы бұрынғы аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Басты мақсат - осыдан 9 жыл бұрын осы жерден баспана алған тұрғындардың жайлы орында өмір сүруі.

Аудандағы тұрғын үй мәселесі 2011 жылы «ерекше» тәселімен шешілген. Сөйтіп, аурухана ғимараты жөнделіп, тұрғын үй кезегінде тұрған адамдарға баспана ретінде берілген.

Бүгінде бұл ғимаратта 14 көпбалалы отбасы тұрады. Ғимарат болса, жөндеуді талап етеді. ШҚО әкімі Даниал Ахметов Тарбағатай ауданына  жұмыс сапары барысында осы тұрғын үйдің иелерімен кездесті. Басқосу барысында аймақ басшысы облыстық бюджет есебінен қаражат бөлініп, мұнда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аула абаттандырылып, барлық коммуникациялық желілер жаңартылатынын атап өтті. Осы бағыттағы жұмыстарды Тарбағатай ауданының жаңа әкімі Асхат Исмаилов бақылауда ұстайтын болады.

Бұл көпқабатты тұрғын үйдің иелері абаттандыру жұмыстарына бірге қолғабыс ететіндерін айтып, аймақ басшысына алғыстарын білдірді.

«Көпбалалы отбасылар жеке қаражаттары есебінен мұндай күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізе алмайды. Сондықтан біз алдағы уақытта олардың тұрғын үйлері қайта қалпына келтірілетініне қуаныштымыз. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң осы аулада мереке ұйымдастырамыз», - деді Даниал Ахметов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір