• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 04:56:21
Алматы
+12°

Алматы облысындағы жанармай құю бекетіндегі жарылыстан жапа шеккен екі азаматтың бірі көз жұмды. Бұл туралы astanatv.kz хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, денесін 90 пайыз күйік шалған 72 жастағы көлік жүргізушісі ауруханада жан тапсырған. 

– Денесінің 90 пайызы күйген. Ауыр жарақатпен реанимацияға жатқызылды. Өкінішке қарай сағат кешкі 8-ге таман қайтыс болды. Марқұмнан ешқандай да ішімдіктің белгілері болған жоқ, – деді "Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасы" ШЖҚ КМК бас дәрігерінің орынбасары Дидар Айтжанов.

6 тамыз күні сағат 10 шамасында Есік қаласында орналасқан жанармай құю бекетінде "Land Cruiser Prado" маркалы автокөлік газ цистернасына соғылуынан жарылыс болған.

Алайда марқұмның туыстары "бұл жерде тағы бір кінәлінің болуы мүмкін" дейді. Енді олар әлеуметтік желі арқылы жарылысты көзімен көрген куәгерлерді іздестіруде. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір