• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 04:29:48
Алматы
+12°

"Оңтүстік Қытай теңізіндегі шиеленіске байланысты жақында Қытай мен АҚШ арасында соғыс басталуы мүмкін" деп мәлімдеді BBC. Бұл туралы Қамшы тілшісі хабарлайды.

BBC-дың Қытай жөніндегі сарапшы-журналисті Чаойин Фэнның айтуынша, екі держава арасындағы шиеленіс қазір "семсердің жүзіндей" өткір болып тұр. Соңғы кездері Гонконг пен Huawei компаниясы мәселесіне байланысты АҚШ пен Қытай арасындағы қайшылық күшейе түсті, бірақ сарапшы BBC-ге Оңтүстік Қытай теңізі әскери қақтығыстардың ең ықтимал аймағы екенін айтты. Осы аптада АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Пекиннің Оңтүстік Қытай теңізіндегі "қорлауына" қатысты Вашингтон қатаң ұстанымда болатынын жариялағаннан кейін Қытай АҚШ-ты "шиеленісті қоздырды" деп айыптаған.

– Пекиннің (қайтарма) нұсқаларының бірі – санкциялар салу немесе АҚШ компанияларын қара тізімге енгізу... Алайда Apple және Microsoft сияқты АҚШ компаниялары қытайлықтардың күнделікті өміріне терең еніп кеткені проблема болып отыр, сондықтан бұл қадам Қытайға да зиян тигізеді, – дейді Чаойин Фэн.

Журналистің ойынша, Пекиннің басқа тәсілдермен кек қайтаруы Батысқа қауіп төндіруі мүмкін. Оның пікірінше, АҚШ-тың Оңтүстік Қытай теңізіндегі іс-қимылдары Қытайды құлату әрекеті ретінде қарастырылады.

Пекин даулы аймақтар үшін таласта қатаң реакцияға баруы ықтимал.

– Екі елдің сауда немесе Гонконг туралы қайшылықтары бар, бірақ Оңтүстік Қытай теңізі мәселесінде екі держава соғысқа баруы мүмкін, – дейді сарапшы.

BBC-дің Вашингтондағы корреспонденті Гари О'Доногу да сарапшының пікіріне келісетінін жеткізіп, екі елдің қарым-қатынасы "бақылаудан шығып" кеткені айтылған.

Бұған дейін Оңтүстік Қытай теңізінде АҚШ пен Қытай әскери күштері бір уақытта жаттығу өткізіп жатқаны хабарланған. Қытай шілденің басында Паракель аралдары маңына соғыс кемелерін жіберген. Кейінірек, Вашингтон да Паракель аралдары маңына әскери ұшақтар тасымалдаушыларын жіберді. Америка оған қоса, ядролық бомлалаушысын да жөнелткен. Аймақта АҚШ және жапон кемелері бірге әрекет етуде.

Ал қытайлық Глобал Таймс басылымы Бейжіңнің "киллер зымырандары" АҚШ соғыс ұшақтарын тасымалдаушыларға соққы беретінін ескерткен

Кейінірек, Оңтүстік Қытай теңізіндегі АҚШ-Жапония біріккен әскери күштеріне қолдау көрсету үшін Ұлыбританияның соғыс ұшақтарын тасмалдаушы кемелері мен жойғыштарының жіберілетіні хабарланған.

Әскери сарапшылар екі елдің көптеген жойғыштары мен кемелерінің өте жақын қашықтықта жаттығу өткізуі әскери қақтығыс қаупін күшейтетінін мәлімдеген

АҚШ Әскери-теңіз күштері "USS Nimitz" және "USS Ronald Reygan" соғыс ұшақтарын тасымалдаушы кемелері 4 және 6 шілде аралығында даулы су жолында операциялар жасап және әскери жаттығулар өткізіп, 17 шілде аймаққа оралғанын хабарлады.

Кейінірек, жерсеріктен түсірілген суреттер Бейжіңнің Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аралдарға төрт жойғыш ұшағын жібергенін көрсеткен.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай АҚШ BBC

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір