• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 19:49:16
Алматы
+12°

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте 1708 адамнан коронавирус анықталғаны туралы хабарлады.

Ол науқастардың 1010-ы клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы. Бұл – соңғы 20 күндегі тәулік ішіндегі статистикалардың ең жоғарыларының бірі.

Аймақтар бойынша тәуліктегі эпидемиологиялық жағдай төмендегідей (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 120 / 65
Алматы қаласы - 223 / 102
Шымкент қаласы - 80 / 50
Ақмола облысы - 34 / 22
Ақтөбе облысы - 87 / 54
Алматы облысы - 109 / 76
Атырау облысы - 243 / 173
Шығыс Қазақстан облысы - 154 / 95
Жамбыл облысы - 68 / 53
Батыс Қазақстан облысы - 95 / 49
Қарағанды облысы - 120 / 67
Қостанай облысы - 65 / 40
Қызылорда облысы - 61 / 31
Маңғыстау облысы - 76 / 69
Павлодар облысы - 59 / 16
Солтүстік Қазақстан облысы - 56 / 21
Түркістан облысы - 58 / 27

Аймақтар арасында вирустың таралуы жөнінен Атырау бірінші орында тұр. Облыста 7393 КВИ дерегі тіркелді. Ең төменгі көрсеткіш Қостанай облысында. Ол жақта 1500 адамнан вирус анықталған.

Ел бойынша КВИ жұқтырғандардың жалпы саны – 56455. Осы уақытқа дейін 32 500 адам індеттен айықса, 264 адам қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болғандар туралы деректі аптасына бір рет хабарлауға көшкен. Соңғы деректе 30 маусым мен 6 шілде аралығындағы жағдайлар хабарланды. Ол кезде 76 адам коронавирустан көз жұмды делінген.

Қазақстанда сондай-ақ пневмония індеті өршіп тұр. Соңғы күндері елде бұл аурудан қайтыс болғандар тым көбейген. Қарапайым адамдардан бастап, өнер және мәдениет саласының өкілдері, лауазым иелері, дәрігерлер осы сырқаттан көз жұмып жатыр.

Қазақстандық және шетелдік мамандар пневмония шын мәнінде коронавирус екенін мәлімдеген. Алайда билік бұл жағдайды КВИ-дан бөліп қарастырып жатыр.

Қазақстанда пневмониядан көз жұмғандардың нақты саны жарияланбаған.  Тек өткен 6 айдағы жағдай туралы келтірілген цифрлар әртүрлі. Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой 9 шілдеде өткен брифингте соңғы алты айда 1 172 адамның осы дерттен көз жұмғанын айтқан. Ал 3 шілдеде Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елде соңғы жартыжылдықта пневмониядан 1 772 адам қайтыс болғанын мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір