• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 22:38:38
Алматы
+12°

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықтың бәрін ПТР-тестіден өткізу туралы жоспар жоғын айтты. Бұл туралы ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. 

– Жалпы біздің статистика коронавирус инфекциясы бойынша ПТР-тестілер арқылы расталған ресми мәліметтерге негізделген. Әлбетте вирусты жұқтыру жағдайы көп болуы мүмкін. Қолдағы ресурстарды пайдалану үшін ПТР-тестілерге басымдық беріледі, – деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Бұған қоса, ведомство басшысы ауру белгілері болмаған жағдайда пациент үйінде 14 күн бақылауда болатынын, ең бірінші кезекте көмекке мұқтаж адамдарға басымдық беретінін айтты.

– Пациент жұқтырған топқа жата ма, жоқ әлде ол пневмония ма – оны қалай ажыратуға болады? Бізге ең алдымен мақсатты топтарды тестіден өткізген дұрыс? Себебі, егер ауру белгілері болмаса, пациент үйінде 14 күн жатып, бақылауда бола алады. Яғни біз ең бірінші кезекте, көмекке мұқтаж адамдарға басымдық беріп отырмыз, – деді министр.

Соңғы ресми ақпаратқа сай, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 49 мыңнан асқан.  Олардың 264-і көз жұмды. Қазір Қазақстан дүниежүзі бойынша вирус жұқтырғандар жөнінен 34-орында тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір