06 Маусым, 2020 Барлық аймақтар
Qamshy.kz
Алматыда митинг өтетін орын ретінде белгіленген Абай ескерткішінің маңын полиция қоршауға алды.
Бұған дейін Демократиялық партия құру бойынша бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай, Қазақстанда экстремистік деп танылған Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов қазақстандықтарды бүгін, 6 маусымда митингке шығуға шақырған.
Абай мен Назарбаев даңғылдары қиылысына темір қоршау қойылған.
Митингке шыққандар Абай ескерткішіне қарай өте алмай тұр. Полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ оларды өткізбей, жиналғандардан тарауын сұрап тұр.
Алаңға қарай беттеген азаматтар бетперде тағып шыққан.Б
5 маусымда Бас прокуратура митингтің заңсыз екенін ескертіп, азаматтарды митингкешықпауға шақырған. Сондай-ақ Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус індетінің таралып кетпеуі үшін митингке шақпауға үндеген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір