• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 01:40:08
Алматы
+12°

Игі шара "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі А.Баталовтың бастамасымен қолға алынып, оны белсенді партия мүшелері – депутаттар мен меценаттар қолдап, 4 жүк көлігіне тиелген жалпы салмағы 82 тонна болатын көмек керуенін шығарып салды.

Түркістан облысына жол тартқан жүк көліктеріне қызыл кірпіш, газоблок пен құрғақ қоспалар тиелді.

Бұл құрылыс материалдарын мақтааралдықтар үй құрылысы кезінде пайдаланбақ.

Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев гуманитарлық көмек екінші мәрте жөнелтіліп отырғанын және осы уақытқа дейін көрсетілген көмек 400 тоннаға жуықтағанын хабарлады.

Бүгінгі көмек көрсетушілер қатарында депутаттар: Ж.Үшкемпіров, Д.Молдахалықова, Т.Ботабеков бар.

"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір