22 Мамыр, 2020 NEWS
BBC
Pakistan International Airlines ұшағы Лахор қаласынан Карачи қаласына ұшып бара жатып, апатқа ұшырады, деп мәлімдеді Пәкістан авиация өкілдері. Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпараттық хабарламаға сай, шамамен 99 жолаушы, экипаждың сегіз мүшесі болған ұшақ Лахор қаласынан Пәкістанның ең ірі әуежайларының бірі – Джинна халықаралық әуежайына ұшып бара жатқан.
Әлеуметтік желілерде бөлісілген суреттерде апат болған жерден өрт шығып жатқанын көруге болады.
Оқиға орнына жедел қызметтер келген.
– Ұшақ Карачиде апатқа ұшырады. Біз жолаушылардың санын растауға тырысып жатырмыз, бірақ бастапқы мәлімет бойынша 99 жолаушы мен экипаждың сегіз мүшесі бар, – деді Пәкістанның авиациялық өкілдігінің қызметкері Абдул Саттар Хохар.
Апат елдің коммерциялық рейстерін қайта бастауға бірнеше күн қалғанда болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір