Сонымен қатар, жұмысшылардың топ болып жиналмауын қадағалау керек. Олар барынша арақашықтықты сақтауға міндетті. Жиындардың санын барынша қысқарту, сондай-ақ адамдардың бір жерде көп шоғырлануын, сонымен қатар, асханаларда болдырмау маңызды. Үй-жайларда тұрақты дезинфекция және ылғалды тазалау, желдету және ауа баптау жүйелері, сондай-ақ жеке гигиена үшін санитарлық тораптар және т. б. жұмыс істеуі тиіс.
Жіті респираторлық жұқпалар (жоғары температура, жөтел, мұрын) және басқа да жұқпалы аурулар байқалатын қызметкерлерді жұмысқа жіберуге тыйым салынады. Бұл жағдайда қызметкерді дереу оқшаулап, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру қажет.
Осыған байланысты тиісті аудит және кәсіпорынның карантин жағдайында жұмыс істеуге дайындығы туралы қорытынды жүргізілгеннен кейін ғана оларға қызметкерлер мен көлік құралдары туралы деректер
infoalmaty.kz базасына енгізіле отырып, қала ішінде жүрулеріне рұқсат берілетін болады.
Пікір қалдыру
пікір