• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:00:45
Алматы
+35°

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдай режимінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, отандық бизнеске қолдау көрсету және жұмыс орындарын ашу мақсатында Ақтөбе облысында биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жүзеге асырылатын болады.

Жол картасының мақсаты - жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру және кірісті қамтамасыз ету, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасау. Бұл бағытта мемлекет тарапынан Ақтөбе облысына үлкен қолдау көрсетіліп, қомақты қаражат бөлінуде. Жол Картасы аясында 46 млрд. теңгеден астам қаржыға 302 маңызды жоба іске асырылатын болады. Осының арқасында 12 мыңға жуық халық жұмыспен қамтылып, оның жартысы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа тартылмақ.

Оның ішінде келесі бағыттар бойынша:

- қаражаттың 45%-ын немесе 20,6 млрд. теңге 400 км құрайтын қалалық/ауылішілік жолдарды салу және жөндеу бойынша 135 жобаға бағытталатын болады;

- 15,5 млрд.теңге әлеуметтік-мәдени нысандардың 104 жобасына;

- 8,4 млрд.теңге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы 37 жобаға;

- 1,8 млрд.теңге елді мекендерді абаттандырудың 26 жобасына бағытталады.

Жұмыспен қамтудың Жол картасын тиімді іске асыру халықты толғандыратын өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді және өңірдің одан әрі дамуына оң серпін әкелетіні анық.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қазақстан Ақтөбе

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір