• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 01:56:14
Алматы
+12°

Алматы полициясы көлік жүргізушілерін блок-бекеттерді айналып өткізбек болған азаматтарды ұстады. Бұл туралы polisia.kz хабарлады. 

Қаланың батыс жағында орналасқан № 20 бақылау-постындағы полицейлер бес ер адамды ұстады, олар ақшасын төлеген жағдайда өткізу бекетінен айналып өтіп, азаматтарды қалаға алып кіруге уәде берген.

– Олар көмектерін бір адамға 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін бағалады. Ер адамдар ұсталды және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы "Төтенше жағдайды бұзу" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен аталған адамдарға айыппұл салынды, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқарманың басшысы Дидар Аханов.

Осыған байланысты, Алматы полиция Департаменті кезекті рет азаматтарды заңға бағынуға және кедергілерден өтудің заңсыз жолдарын іздемеуге шақырады.

– Мен сіздерді сендіремін, бұл әрекеттер пайдасыз болады және нәтиже бермейді. Төтенше жағдай кезінде оңай ақша тапқысы келетіндерге жауапкершілікті ұмытпау туралы ескертемін. Мұндай фактілер бірден тоқтатылады, – деді Аханов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір