• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 23:08:39
Алматы
+12°

Коронавирус Қытайдың үш провинциясындағы бес түрмеге жетті. Қазіргі таңда 500-ге жуық тұтқын ауырып жатыр. Бұл туралы Қытай әділет министрлігінің өкілі Хе Пинг мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, Чжэцзян провинциясындағы "Шилифэн" түрмесінде коронавирустың жаңа түрімен ауырғандар саны 34 адамға жеткен. Вирусты түрме қызметкерлерінің бірі жұқтырған. Ол 14-19 қаңтар аралығында Уханьда болған екен, бірақ оны жасырып, жұмысын жалғастыра берген. 25 қаңтарда ауру белгілері пайда болып, 4 күннен кейін коронавирус анықталған. Мамандар бөлмелерді дезинфекциялағанымен, тұтқындардың көбі ауруды жұқтырып алған.

Қытайдың шығысындағы "Шаньдун" провинциясында орналасқан "Жэньчэн" түрмесінде де коронавирустың белгілері табылған. 20 ақпандағы жағдай бойынша, вирусты түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 200 сотталушы мен қауіпсіздік қызметінің 7 қызметкері жұқтырған.

Сондай-ақ Қытайдың "Хубэй" түрмесінде де инфекцияның 271 оқиғасы тіркелген. Қазіргі таңда олардың арасында қайтыс болғандар жоқ.

Соңғы мәліметтер бойынша, 20 ақпанда таңертең әлемде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың жалпы саны 75 713 адамға жеткен, оның 16 231-і ауруханалардан шығарылды,  қайтыс болғандар саны 2126 адам. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір