• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 17:23:36
Алматы
+12°

13 Қаңтар, 2020 Барлық аймақтар

Ақтаулық апалы-сіңлілі альбиностар модельдік бизнесті бағындыруда

Апалы-сіңлілі Қалағановалардың есімі ерекше табиғи бітімінің арқасында бүгінде алыс-жақын шетелге белгілі бола бастады.

Фото: bigpicture.ru

Әсел мен Камила Ақтаудағы қарапайым қазақ отбасында туған. Олар бүгінде ерекше бітімінің арқасында модельдік кәсіпте көп-көрім жетістікке жетіп жүр. Қыздар жайлы ресейлік bigpicture.ru сайты жазған.
 
а
 
Қазақстан тұрмақ, әлемде сирек кездесетін жағдайға басында бәрі таңғалыпты. Түсініксіздік туып, біршама дау-дамай болған. Қыздардың анасы Айман Сарқытова перзентханада сәбиін алғаш көргенде шок алғанын жасырмайды. Бұрын-соңды бұндайды көрмеген дәрігерлер де аң-таң. Ең қызығы, үйдің тұңғышы – Алдиярдың сырт келбеті өзгелерден еш ерекшеленбейді.
 
Қалағановтар отбасының кейбір ағайындары бір мезетте сәбидің әкесі бөтен ер адам, басқа ұлт өкілі шығар деген ойға да кеткен. Алайда олардың тұқымында альбиностардың бұрын да болғаны анықталған. Ерекше бітім бірнеше буыннан соң қыздарға берілгенге ұқсайды.
а
 
Бүгінде қыздардың үлкені – Әсел 14, кішісі – Камила 2 жаста. Генетикалық аномалияның арқасында апалы-сіңлілі альбиностар үнемі ел назарында. Жергілікті модельдік агенттіктер олардың ерекшелегін байқап, түрлі фототүсірілімдерге шақырып тұрады. Әселді алғаш түсірілімге шақырғанда оның жасы 10-да болған. Сіңлісінің де өзі секілді ерекше болып дүниеге келуінен оларға деген қоғамдық назар артқан. Бүгінде Әселдің instagram-дағы парақшасын 30-мыңнан астам қолданушы оқиды.
 
а
 
Келешекте Қалағановтардың Ақтаудан елордаға көшу ойлары бар. Өйткені қыздар күн көзін онша ұната бермейді. Ақтау ыстық әрі ылғалды болғандықтан, Әсел мектепке күннен қорғайтын көзәйнек тағып, қолшатыр ұстауға мәжбүр.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір